• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 08:55:00
Алматы
+35°

"НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Дина Таңсәріге 6 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. Оған көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу фактілері бойынша айып тағылып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

– Сотқа дейінгі тергеу барысында Смайылованың “НеМолчиKZ” қорының басшысы екені, сонымен қатар өзін қоғам белсендісі, құқық қорғаушы және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресуші ретінде көрсететіндігі анықталды. Ол өз қызметін әлеуметтік желілерде кеңінен жариялайды. Алайда Смайылованың көптеген жарияланымдары шындыққа жанаспайды, себебі олар тергеумен расталмаған. Оның жалған хабарларымен құқығы бұзылған азаматтар шағым түсірді, дейді ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Самат Аисов. 

Кеше Дина Смаиловаға Қазақстанда іздеу жарияланғаны туралы ақпарат жарияланған еді. Кейін тергеу органдары оны қамауға алу туралы сотқа өтініш түсіргені хабарланды. Сондай-ақ Дина Таңсәрі қордың есепшоты бұғатталғанын, биліктің тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері туралы ашық түрде айтып жүрген қоғамдық қорды жапқысы келетінін мәлімдеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір