• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 23:46:10
Алматы
+35°

06 Қазан, 2023 Барлық аймақтар

«Харекет» қоры 1000-ыншы баспанасын табыстады

«Харекет» қайырымдылық қоры 5 жылда 1000 отбасыға үй сыйлады. 1000-ыншы баспананы табыстау үшін Алматыдағы Resident City Hotel ғимаратының мейрамханасында мерекелік кеш өтті.

Фото: Qamshy.kz

Бұл жолғы қуаныш иесі Талдықорған қаласының кішкентай тұрғындары болды. Мезгілсіз қайтқан жарының артынан кете барған ананың бес баласы қамқоршысыз, баспанасыз қалып қойды.

Тағдыр тауқыметін ерте көрген кішкене қыз анасы қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейін көп ұзамай қайтыс болғанын айтады.

– Ауырып жүргенінде ас-суын өзім бердім. Көз алдымда бақиға аттанды. Бұлай тез кетеді деп ойламаған едік. Жұма күні кетті және жұмада түсіме кіріп: «Бауырларыңа бас-көз бол!» деп тапсырды. Сол күннен бері бар жауапкершілік мойнымда, төртеуіне әке орнына әке, шеше орнына шеше болып жүрмін, – деп қордан көмек сұраған.

Бес бауырды бір-бірінен айырып, жетімдер үйіне алып кетуден сақтаудың негізгі жолы – баспана алып беру. Әркімге бір жаутаңдатпай өз шаңырағы болса қайтыс болған ата-ананың шырағы сөнбес. Жетім-жесірін жылатпаған қазақтың кең пейілді тұлғаларының арқасында тағы бір мұқтаж жандардың тілегі орындалды. 

Гүлмира Мұханқызы жетекшілік етіп отырған қоғамдық қор «1000 теңгеге баспана» ұранымен 2017 жылдың 7 қазанында құрылған. Жанашыр, жомарт адамдардың арқасында аз ғана уақыттың ішінде мың теңге ұранынан 1000 үй алуға да жетті. Жетім-жесірін жылатпай, тағдыр тауқыметін тартқан жандардың жүрегіндегі соңғы үміттің шам шырағын сөндірмеу үшін қор игі істерді атқара бермек.

27 қазанда «Харекет» қоры өзінің 6 жылдық мерейтойын атап өтеді. Соған орай барлық жанашыр жандардың басын қосып, Алматы аренада эстрадамыздың жарық жұлдыздарының қатысуымен үлкен қайырымдылық концертін өткізуді жоспарлап отыр.

Билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып ала аласыздар!

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Харекет Қайырымдылық қоры (@xareket_qory_official)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір