• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 23:58:54
Алматы

Адамға, азаматқа, тұлғаға, ақынға, жазушға, ғалымға, дана данышпанға , тариқшыға баға беру үшін, баға берушінің өзі де дәл сондай көп білімді бойына сіңіріп қортқан адам болу керек қой. 
Мен тілге тиек еткелі отырған Қаһарман тұлға, қайтпас ғалым, қас қаламгер, ұлт жанашыры, аса білімді тариқшы,сұңғыла ұлт зялысы, ұлағатты ұстаз, саяси қоғам қайраткері, академик Әлімғазы Дәулетханұлының бойында жоғарыдағы қасиеттердің бірі емес, бәрі бар. Бәрінің тоқ дәмі мен нәрі бар.
Әлімғазы Дәулетқанұлы туралы менің де білерім шамалы. Десе де 1966 жылы Қытайда басталған"Мәдениет зор төңкерісі" деген атпен басталған зор қытайшылдық Геноцид саясаты Шінжаңдағы 13 ұлттан құралған қазақ, ұйғыр, қырғыз, татар сынды аз ұлттарды, соның ішіндегі білімді зиялыларды, жоғары оқу орнында оқып жатқан студенттерге жазықсыз жала жауып, қара күйе жағып, топ-тобымен абақтыға тоғытта бастады.
Қытайдың осындай құйтырқы әкі саясатына батыл қарсы түрып, ерлік рух танытқан , көзі ашық көкірегі ояу жастарды Қытайдың сұм саясатына қарсы күреске ұйымдастырып, ашық қарсы шыққан ұлт қаһармандарының бірі де бір егейі осы Әлімғазы Дәулетқанұлы еді. Сол кездегі жалындаған жас жігіт алдына Арыстан келсе де тартынайын деп тұрған жоқ. Ашудың ай балтасымен алдына келгенін ақ жаңқадай жарып тастауға мықтап бекінген болатын.

ву

Осындай алмағайып күдерде Әбекең, өзінің ең сенімді серіктерімен серттесіп бас қосты. Олар да Әлімғазы Дәулетханұлымен бірге Айтан Нүсіпхан, Жәркен Бөдеш, Бәкен Нәкейұлы Мақсұт Қамиұлы және т.б айтулы азаматтардың бәрі қудалауға түсті.
Олар қаншама ұлт үшін, жарқын болашақ үшін жан қиып күрессе де, Құмырысқа илеуіндей құнынаған құм топан Қытай қызыл әрмиясын жеңе алмайтынына көздері жетті. Ақыры Әлімғазы Дәулетхан, Айтан Нүсіпхан, Жәркен Бөдеш бастаған топ ақыры 1969 жылы Қазақстан шегарасын асып, қазақ топырағына бір жола қам басты. Қытай қырғынынан бас амандықтарын алып шықты. Мұның өзін өте үкен ерлік деп бағалауға болады.

уцу

Иә, "Арқа жайлы болса, Арқар ауып несі бар" деген дейін бас сауғалап, қазақ топырағына жеткен соң да, Қасқырдың талауынан қашып, Аюдың апанына жолықты. Сол кезде Совет одағының төрағасы Сталиннің де, өткір қылышынан қан сорғалап тұрған тұсы еді. Іші қуыс болса да, бір қурайды торғай паналапты" демекші бас бостандық іздеп келген ұлт қаһармандарын маңдайынын сыйпай қоямады. Совет өкіметінің қызыл жүрек, қу аяқ, сақ құлақ сақшылары оларға үрке қарап, үдіреие тергеп, олардың азаматтық ұстанымына сене қоймады. Күман-күдікпен қарады. Олардың өз еркімен жер таңдап қоныстануына жол қоймады. Солтүстік ең суық аймақ көкше тауға жер аударып, сүргіндеп сүрметоқай күйге салып, қаратабан қойшы болуға еркінен тыс зорлап, қара жұмысқа шекті де сырттай күзетіп, күдікпен бақылап отырды. Сүйтіп елі, ұлты, болашағы үшін күрескен Әлімғазы Дәулетхан, Айтан Нүсіпхан, Жәркен Бөдеш сынды алып үш арысты үрейлі өмірге қамап, қорқынышты өмір сүргізді. Олардың білімділігін, көрегіндігін, ұлтжанды ұлы тұлғалар екенін білсе де білместікке салып елеусіз қалтырып, үнсіз үмітерін үздіруге жұмақ жұмыс жасады.
Иә, "Созақтан кетіп, тозаққа түсіпті" деген тәмілдің айтылмын үш қазақ арысы қаһарлы қыстағы қарлы боранды мұз қоршаған қой қорада бастан өткізіп жатты.

цФ

Қызылдар оларды мықтап тастадық, сазайланын бердік деп қомсынып, соны ойлап тапқан басшыға қошамет көрсетіп, оны мақтап-жақтап жағатсып жатқанда, үш арыс оны елең құрлы көрмей қойды да бағып, ойды да бағып, тілді де үреніп, тұрмыстарын да түзеп, тозақты өмірді жанат мекенге айналдырып та үлгірді. Өлеңдерін жазып, әндерін айтып, толағай шығармашылық жұмыстарын бастап та кетті. Омарғазы Айтан айқандай" Елік байқұс қайдан білсін, бір суық қол сүр мерген сыртан сығалап, шүрпі басқалы отырғанын" дегендей. Олар сырта сығалап отыра берді. "Бір елі аузына екі елі қақбақ қойдық" деп қаммыз күзетумен болды. Нәтижеде Аждаһаның от ауызан да сытылып, құтылып шыққан үш арысқа бұл түкте емес еді. Үшеуі де жалындап тұрған, алмас қылыштай жарық-жұрық еткен шағы еді. Топан су тобықтарынан келмейтін керемет кемел кездері еді. Оң мен солды, ақ пен ұараны қалтқысыз айыратын, қара қылды қақ ортадан қақ бөлетін көкжал кездері еді.
Жүректеріне кір жимай, нұр жиып өскен азаматтардың өмірлері қай жерде өтсе де, шұғылалы сырға, адамгершілік арға, иманға түнып тұрады емес пе?!
Үш арыс жүрген жердің бәрі үлгі мен өнеге. Тәрбие мектебі, әр айтқан сөздерінен толағай тағылымдар шығармаға айналып жатса, әр басқан, әр барған жерлерінде үлгі мен өнегенің өркенді ұрығы егіліп жатты.
Сөз дәлелді болу үшін мына шағын мысалға құлақ түріңізші. уыздай жас өмірлері қақ байланып қақбақылға айналып, ен далада қаратабан қойшы болып, қой соңында жүрген қылыштай жас жігіт Жәркен Бөдешұлының ішкі теңізі тау толқындай көтеріліп "Жәркенді қой бағып жүр дегенше, ой бағып жүр десеңші" деп өзінің жан дүниесінде атомдай жасырынып жатқан ақ жайық жырын көкшенің ақ жайынындай бір төгіп барып тоқтап "Жыр-Жәркен, Сұңғыла-Айтан,Әз -Әлекең" деп селдете өлең төгеді. Үш арыстың үш саланың майталман маманы екенін сынық сүйем сөзбен бейнелеп, азаттық обыразбен сомдап, қайталанбастай ғажапқа мықтап байлап тастайды.
Жә, айтар көп, айғақ жетеді. Оны Әлекеңнің, Әлімғазы Дәулетхан ағаның осындан он жыл бұрын өткен 70-75 жылдық мерей тойында да тамшысын қалтырмай, қамшысын салдырмай не бір дөкей қаламгерлер айтып та, жазып та үлгірді. Тіпті жарты ғасыр бойы Әлімғазы Дәулетханұлының ұлы шығармашылығы жайлы мемлекеттік барлық басылымдарда айтылып жаңылмылмай жазылып, баспа бетерінде көрнекті түрде көрсетіліп келеді. Әсіресе Қазақстан егемендік алғаннан кейін тіптен терең жан-жақты зерттеле бастады. Тұтас тұрік мәдениетін бес қолдың саласындай білетін және оны терең түп тамырдан қаза қопарып зертеген мәйекті ғылми еңбетерін атап өтсек те, өз алдына тау төбе, ұлт үшін ұлы мәртебе.
Құлақ түріңізші, Әлекең жазған ұлы еңбектерді талдамай-ақ, санамалап айтсақ та таңдай қақтырады.
1. «Ежелгі және орта ғасырлардағы түркілер»,
2. «Түркеш қағанаты» (692-766)»
3. Байгелдінің «Елібайы» кім? Қайда туған?
6. 6. 6. "Хұн – түрік – қазақ тарихы".
10. 10. 10. 10. "Деректану".
13. 13. 13. "Ежелгі және орта ғасырдағы түркілер"
7. "Мағжан жыры – ұлттың ар-намысын тазартудың киелі дұғасындай жыр".
8. "Мұхтархан Оразбайдың 15 өтірігі".
Иә, Әлекең еңбектерін айта берсең таусылмас жыр-дастан. Ол өзінің бүкіл өмірін ұлты үшін, ұлт тағдыры үшін, ұрпақтың ұлағатты болып өсуі үшін жұмсады, аянбай еңбек еті, алтын тер төкті.
Міне, 80 жылдық мерей тойы, шығармашылық кеші өтіп жатыр. Осы 80 жасына дейін бір тынбай ғылым жолында өте түңкелі ізденістермен өтті. Жалықпай, жабықпай халқына қызмет көрсетіп, еліне еселі де жемісті үлестер қосты. Күллі өмірі үлгі мен өнегеге айналды. Тар кезең, тарғалаң заман, там босаға, ала-құла алмағайып заманда да, алған бетінен қайтқан жоқ. Табаны тайған жоқ, сертін бұзбай, азып тозбай толқын жарған алып кемедей кемелді еңбектерін ерлікпен алға сүйреп жеткізді.
Міне, бұл мұқалмаған ер еңбектің жемісі. Өр рухтың жеңісі. Бұқар жырау айтқандай "Қарағайға қарсы біткен бұтақпын, балталасаң да айырылман" деп Әлекеңді еш күш қорқыта алған жоқ, еш айлакер аздыра алған жоқ, еш қиындық тоздыра алған жоқ. Боз бала шағында қалыптасқан қаһарман мінезі 80 жастық қарт шағында да тұла бойнда жүзі қайтпаған қандауырдай қылпылдап тұр. Асқақ рухы отты бойында алауын сөндірмей лапылдап тұр.
Иә, Ақымет Байтұрсындай ұлт ұстазы "Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден" . Әлекең , Әлімғазы Дәулетқан ағамыздың алмас қылыштай өткір мінезінің жасуы қайтқан жоқ. Теңіз кеуделі, мұқит ойлы, алмас мінезді, сұлу сезімді, асқар тау аға 80 жылдық мей тойыңыз құтты болсын, денсаулығыңыз мықты болсын. Мәрямдай алтын жеңгеміздің асқар тауы болып, 100 ден асып ұзақ ғұмыр сүріңіз. От басыңыз бен отаныңыздың қызығын қатар көруге Алла нәсіп етсін!!
Қазақ азаматтары сізге тартып, сіздей болып өмір сүрсін. Сіз халыққа, келешек ұрпаққа керек қайталанбас тұлғасыз, ғажап қас қаламгер қабырғалас досымсыз. Мен сізді солай бағалаймын.

Үлкен ізетпен: Болат Бопайұлы
07.09.2023.ж. Алматы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Болат Бопай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір