• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 07:51:31
Алматы
+35°

2023 жылы 5 шілдеде мамандандырылған ауданаралық сот Өскеменде оқушы қызды жабыла соққыға жыққан кәмелетке толмаған сотталушыларға қатысты үкім шығарды. 

Сотталушы А. мен Т. ақша бопсалағандарын мойындамады, кінәні ішінара мойындады. Айыпталушы О. кінәсін толық мойындады. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен, заттай дәлелдемелермен расталған. 

Сонымен қатар, сот O-ның шын жүректен өкініш білдруі және кінәсін мойындауын жеңілдететін жағдайлар деп таныды.

Сотталушылардың аса қатыгездікпен, садизммен, қорқыту-үркітумен, сондай-ақ жәбірленушіні азаптау сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтары қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

"Істің мән-жайын және сотталушылардың жеке басын, жәбірленушілердің пікірлерін, құқыққа қайшы әрекеттердің сипатын, залалды өтеудің орындалмауын ескере отырып, А. мен Т-ға қатысты ҚР ҚК  293-бабы 2-бөлігі 1-тармағының бойынша 1 жыл бас бостандығын шектеу, ҚР ҚК 194-бабы, 2-бөлігі 1,2-тармағы бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады, сонда түпкілікті жаза - 3 жыл бас бостандығынан айыру. О-ға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды", деп хабарлайды ШҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі. 

Жәбірленушінің пайдасына 9 000 000 теңге сомасында моральдық залады өтемақы өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір