04 Шілде, 2023 Барлық аймақтар
Фото: Ашық дереккөз
Ақтауда 21 жастағы Валерия Шальнованың мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
2 шілдеде сағат 08:00 шамасында 102 кезекші пультіне әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Ақтау қаласындағы су жинау каналында, көпір маңында адамның мәйіті жатыр деген шақырту келіп түсті. Оқиға орнынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды, денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ", - дейді ведомство.
Қылмыстық кодекстің 105-бабы ""Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сараптама жасалып, тергеу басталды.
Inaktau.kz басылымы "марқұм Валерия Шальнованың туыстарының пайымынша, қызды біреу өлтіріп, суға өзі батып кеткендей етіп көрсетпекші болған" деп жазған. Қылмыстың себебі қызғаныш болуы мүмкін. Қыздың жігіті оған жиі қол көтерген екен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір