• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 11:28:37
+12°

08 Қараша, 2024 NEWS

Иманғали Тасмағамбетов әлемде күшейе түскен қауіп-қатерлерді атады

ҰҚШҰ ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдап жатыр.

Ашық дереккөзден

ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Мәскеуде ТМД-ға мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 12-отырысына қатысты. Өз кезегінде Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ периметрі бойынша және жалпы әлемдегі мынадай қауіп-қатерді тізіп шықты:

  • Батыс Еуропа аумағында алыс қашықтықтағы қаруды орналастыру туралы қабылданған америкалық-германдық шешім құрлықта және тұтастай алғанда, әлемде ядролық-зымырандық қаруланудың қайта жандану қаупін тудырған;
  • Беларусь пен Ресей Федерациясының шекараларында НАТО қарулы күштері мен ақпараттық соғыс орталықтарының шоғырлануы жалғасып жатыр. Финляндия мен Швеция Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылғаннан кейін стратегиялық жағдай нашарлаған;
  • Ресеймен қарулы қақтығысты жалғастыру үшін Украинаға экономикалық, қаржылық және әскери қолдау артып барады. Үлкен аумақтарда, соның ішінде ұрыс аймағынан тыс жерлерде апатты салдарға әкелетін атом электр станцияларындағы төтенше оқиғалардың қаупі бірнеше есе артқан;
  • Жасанды интеллектті әскери мақсатта пайдаланудың қарқынды дамуы, өлімге әкелетін автономды қару жүйелерінің (LAWS) жаппай өндірісі және оларды пайдалануды нақты реттеудің жоқтығы сияқты халықаралық тұрақтылыққа қатысты мәселелер күшейе түскен.

Сондай-ақ ол ҰҚШҰ-ның ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдап жатқанына сендірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір