• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 21:26:15
+12°

13 Қараша, 2024 NEWS

Жоғалған затты тауып алғандар айыппұл төлеуі мүмкін

Қазақстанда енді жоғалған ақшаны тапқан адамға "ұрлық" бабымен іс қозғалуы мүмкін.

Көрнекі сурет

Елімізде жоғалған затты тауып алған адам айыппұл арқалауы мүмкін. Олар енді күдікті ретінде ұрлық бабымен жауапқа тартылу қаупі бар. Сондықтан мамандар көшеде жатқан бөтеннің затын алмауға кеңес береді. Ал иесін табуға көмектесетін ниет болса, дәлел-дәйек жинау маңызды дейді. 

Көшеде немесе қоғамдық орында ақша, әмиян, ұялы телефон тауып алған жағдайда оны қай жерден, қалай тапқанын видеоға түсіріп алу керек. Содан кейін полицияға хабарласып, тәртіп сақшыларының келгенін күту керек.

Жоғалған ақшаны тапқан адамға "ұрлық" бабымен іс қозғалуы мүмкін. Заңгерлер мұндай жағдайлар кездескенін айтады. Мамандар смартфон тауып алған жағдайда иесі табылғанша өзіңізде сақтай аласыз деп отыр. Бірақ телефонды қосуға болмайды. Өйткені оның ішінде адамның фото-суреттері, банк қосымшалары мен жеке мәліметтері сақталады. Ол азаматтың жеке өміріне қол сұғу болып саналады.

“Көшеде немесе қандай да бір мекемеде зат, мүлік тауып алса, міндетті түрде жергілікті атқарушы органдарға, полиция қызметкерлеріне хабарлауға міндетті. Ол затты өзіңіз пайдаланып кетсеңіз, полиция қызметкерлері сізден оны тапқан жағдайда айып тағуы мүмкін. Уақытында хабарламағаныңыз үшін күдіктіге айналасыз. Сізге сақтауға берсе, қолхатпен тапсырылады. Сонымен қатар, сақтау шығындарын да талап ете аласыз”, – деді заңгер Нұрболат Ибраев.

Егер тауып алған заттың иесі анықталса,  ол адамнан сыйақы сұрауға құқыңыз бар екен. Зат құнының 30%-ын қаражат түрінде ала аласыз. Азаматтық кодекске сәйкес полиция жоғалған заттың иесін жарты жыл іздейді. 6 айдан кейін табылмаса, тауып алған адам меншік құқығына ие болады. Яғни аталған затты өзіне қалдыра алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір