• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 11:39:38
Алматы
+12°

13 Қараша, 2024 NEWS

Halyk bank-тегі ақша ұрлығы: Енді елімізде банктердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қатаңдатылады

Ұлттық Банк Павлодарда Halyk бөлімшесіндегі сейфтен ақша ұрланғаннан кейін банктер, айырбастау пункттері мен инкассаторлық қызметтер үшін қауіпсіздік нормаларын күшейтпек. Енді ақша сақталатын ғимараттар қатаң стандарттарға сай болуы керек.

Көрнекі сурет

Павлодардағы оқиғадан бірнеше күн өткен соң,  енгізілген түзетулер "Ашық НҚА" сайтында шықты. Белгісіз қылмыскерлер Павлодардағы Halyk банкінің бөлімшесіндегі қабырғаны сындырып, сейфтерден ақша ұрлаған.

Енді банктер мен айырбастау пункттері ұлттық және халықаралық нормаларға сай келетін сейфтерді пайдалануға міндетті. Жаңартылған талаптарда берік кіреберіс есіктер, терезелер мен қабырға қалқаларын орнату талап етіледі.

 

Қоймалар мен сейф бөлмелеріндегі желдету жүйелеріне олардың қауіпсіздігін арттыру үшін арнайы ережелер енгізіледі. Сонымен қатар, объектілерді қорғауға және бейнебақылау сапасына қойылатын талаптар қайта қаралады.

Банктер мен айырбастау пункттері жаңартылған нормаларды ескере отырып, өз ғимараттарын бейімдеуге уақыт алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір