• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 12:31:41
Алматы
+12°

13 Қараша, 2024 NEWS

БҚО-да әкесін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкесін өлтірген И-ға қатысты үкім шықты.

Ашық дереккөзден

Аталмыш соттан мәлім еткендей, оған ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес айып тағылды. Оқиға Сырым ауданы Қоңыр ауылында болған. Ішімдік ішкен И. мас күйінде әкесімен сөзге келіп, ағашпен оның басынан және иығынан бірнеше рет соққы жұмсаған. Салдарынан әкесі оқиға орнында жан тапсырған. «Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін айтты. Соттың үкімімен И. өзіне тағылған айып бойынша аса ауыр қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Үкімді шығару кезінде сотталушының мінез-құлқы, қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен жасаған қылмысының ауырлығы және шын ниетпен өкінуі ескерілді. Сот заң талаптарын негізге ала отырып, И-ға ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енді», - деп хабарлады ведомстводан.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БҚО 10 жыл жаза

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір