03 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Синоптиктер 4-6 шілде күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Тек еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
"Сондай-ақ батыста күндізгі температура 33-39 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі, республиканың қалған бөлігінде ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі: солтүстік-батыста және орталықта 25-35 градусқа дейін, солтүстікте 25-30 градусқа дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста 20-30 градусқа дейін, оңтүстікте 25-38 градусқа дейін", - делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір