• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 21:37:26
Алматы
+12°

Бес оң энергия:

Бірінші - сенім,
Екінші - үміттену,
Үшінші - ризашылық,
Төртінші - қуаныш,
Бесінші - сабырлы болу.

Бес теріс энергия:

Бірінші - күмандану,
Екінші - қорқу,
Үшінші - өкпелеу,
Төртінші - ашулану,
Бесінші - үшқалақтық.

Мен, бүгін " Жақсыдан үйрен..." және " Дәстүр жалғастыру" Whatsapp желісіндегі топтан келген "Бес оң энергия мен Бес теріс энергия" деген шағын түсіндірмені көріп, оқып, содан қортқан ойымды ортаға салдым...

Оң энергия мен теріс энергиялы адамдар жайлы

Оң энергиялы адам - жүрегіне кір жинамай нұр жинайды. Жақсылықтың таза, пәк, мөлдір нұры болады. Ол нұр - адамды жарқыратып көрсетеді. Оң энергиялы адам әр күні ұйқыдан оянып, орнынан тұрғанда, жарқырап шыққан күндей жайнап алдыңда тап - таза қалпымен мөлдіреп тұрады. Жеп-жеңіл сезіледі. Кей теріс энергиялы адамдар ауыр сезіледі. Өйткені оның бойында да, жүрегінде де ауыр, батпандай жамандық ұялап жатады. Ол қарсы жақтағы адамға да, зор әсерін тигізіп жап-жақсы көңіл күйін бұзады. Сезіміне масылдық түсіреді. Ондай жанмен тіл табысуда қиын болады. Оның жан сарайында жамандық. қызғаныш, қастық, қаталдық, залымдық, екі беткейлік, күншілдік, алайақтық, арамзалық мыстандық, өзімшілдік, тәкаппарлық, арсыздық, имансыздық, дарақылық, әдепсіздік, ұятсыздық, иттік, зүлымдық, қанішерлік, ұрлық, бетпақтылық, аяусыздық, айырлық сынды өте көп батпандай масыл жамандық жасырынып жатады...
Атам қазақ "Бір басқаны күкірт, бір басқаны тотияын" дегенді осындай теріс энергиялы адамдарға қарата қолданып айтқаны айдан анық ақиқат. Сондықтан теріс энергиялы адамдардан адам баласына еш опа келмейді.
Дүниедегі адам өлтіру, соғыс бастау, қан төгу, зина жасау, ұрлық істеу, адам жамандау, өсек айту, қорлау, зорлау, такапар болу, басқаларды менсінбеу, өзін зор, басқаны қор санау, көзге ілмеу, адам сабау, нашақолық наркотик, алқаш болу, халыққа қарсы түру, иманға келмеу , тәртіпке бой ұсынбау, әлзсізді басыну, отбасын құрдымға жіберу, адамдықтан дырдай, кісіліктен жұрдай пенделердің бәрі тек қана теріс энергияны толық қабылдап, жүрегіне кір жинаған жандар.
Өмірден өнеге жимай, өштік пен кек жинаған жандар. Олардың психикасы ауытқыған ауру адамдар. Олар жақсылықты қабылдамайды. Жамандықты жанындай жақсы көреді. Әрі оны дұрыс жол деп қабылдайды. Өздері қабылдаған шындықтан басқаны теріске шығарады. Басқаға құлақ салмайды, тыңдамайды. Өйткені оларда ондай Оң энергия қабылдайтын құлақ та, жүрек те жоқ.
Ұлы сезімінде бос орын қалтырмаған. Бәрін жамандыққа жаман ойлауға, күманмен қарауға, сенімсіздікке жүректерін лық толтырып алған. Сондықтан одарды өмірге дұрыс көзқарас орната алмай келді - кетті болып өмірдің теріс бағытында , өтіп бара жатқан тірі өлектер деуге болады.
Құдай ондай қасірет пен кері кесірден сақтасын. Біздің қазақ халқы ондай жамандықтан аулақ. Түмен - түмен ғасыр оң энергиялы бағытпен бақытты өмір сүріп келеді. Ұлы даланы ұлғатты ақыл парастымен көз қарашығындай қорғап келеді. Ұлы ұрпағын оң энергиямен тәртіпті етіп тәрбиелеп келеді. Тап - таза жаны түнық жарқын жүзбен періштндей өмір сүріп келеді. Әлі де солай өмір сүре береді...

Оң энергия – жарық нұр

Адам баласының жүрегіне ұя салған жақсылық, мейрім, сүйіспеншілік, мөлдір махаббат , қайрымдылық, адалдық, ар- ұят, әдеп, иба, иман, кісілік, жанашырлық, жомарттық, аяушылық, қажырлық, қуаныш сезімі, береке, бірлік, қарапайымдылықтың бәрі тек қана оң энергиядан туындайды. Осының бәрі оң энергияның төл еншісі, ұлы жаратылысы болып табылады.
Біз, соны білуміз әрі оны мойындаумыз керек.. Адам тәні мен жан сәулесінің керемет өлшемдері бар:
Ол – оң энергиялы адамның ақыл қалтасындағы, ой қоржынындағы, жан сарайындағы, қуаныш құтындағы, жүрек түкпіріндегі, әдеп әлетіндегі, намыс нарындағы, иман ибалылығындағы, иба инабатындағы, білім теңізіндегі, өнер өрісіндегі, ар таразысындағы, азаматтық болмысындағы, қиял қырындағы, көңіл көктеміндегі, сезім сырындағы, өмір айдынындағы, тіршілік аясындағы іс-әрекетіндегі бағыт-бағдарындағы, оң энергияның дұрыс қалыптасуынан сол адам өмір бойы ізгі істер істеп, бақ пен бақытқа, ұлы табыстарға қолы жетеді. Толағай еңбек жемістеріне кенеледі.
Міне, бұл адам болмысының ұлы жаратылысы, ұлы рухының, ұлы оң энергияның ұлы жемісі болып табылады.
Біз, ең әуелі өз болмысымызды, азаматтық ұстаныммызды, кісілік көзқарасыммызды, бағыт - бағдарыммызды, өмір - тіршілік жолымызды, жан сарайымызды , білім - өнеріммізді, мінез - құлқымызды оң энергияға бағындырып, қарақан басымызды оңалтып алумыз керек. Сосын барып ұрпағымызды да сол оң энергиялық нұрлы жолға салумыз тиіс. Сонда ғана ұлы өмірдің, жарқыраған жақсы тірліктің қадыр - қымбатына жетіп, жер бетінде мәнді де сәнді, саналы да сапалы өмір сүре аламыз. Ұрпақ алдындағы ұлы міндетіміз бен ұлы парызмызды толық орындаған боламыз.
Жер бетіндегі , ұлы жаһандағы тіршілігімізді мінсіз әрі мағыналы өтізе аламыз. Бұл бұлжымас ақихат. Шыңғырған ашшы шындық.

Теріс энергия – жамандық қалтасы

Сіз, егер, теріс энергияны қабылдап, өмір сүрсеңіз - ауру, жоқшылық, қиындық, берекесіздік, қарыз басты болып өмір сүресіз. Сондықтан теріс энергияны жүрекке қабылдамау керек. Тіптен жаман, күмәнді ойламау керек. Бәрін болымды жақсы жаққа балап қабылдаған дұрыс болады. Біреуге өштеспеу керек. Теріс энергияның кіретін есігі – өштік пен күншілдік, қызғаныш пен іштарлық, бақастық пен астамдық, өсек пен ғайбат, білімсіздік пен ғылымсыздық, арсыздық пен ұятсыздық, имансыздық пен ибасыздық.
Міне, теріс энергия осы сынды тоқсан тоғыз есіктен кіріп, алдымен жүрегіңді кірлетеді, көзіңді соқыр құлағыңды саңырау етеді. Сезіміңді кірлетеді, көңіліңді қараңғы етеді. Адамдық болмысыңнан айырады. Оң энергияңды қуып тастайды да, бүкіл санаңды жауып, жаулап, улап тастайды. Сосын болды құтырған мінез, жынданған тірілік,мән - мағынасыз өмірдің батпағына батасың да кетесің. Ауру жандай аласұрып өмірден еш ләззат таппай, бәріне қарсы болып өтесің.
Ол - жаман ауыруда да жаман. Сондықтан оң энергиямен өмір сүруге дағдыланған жөн...
Сен, егер, тұтас болмысыңды оң энергияға толтырып алсаң, теріс энергия кіретін есік емес- ау, саңлау да қалмайды.
Мен, білгенімді жаздым. Ақыл айтпақ емеспін. Арлы сөзге арсыз ұл ғана жауап қайратынын жақсы түсінемін!!!

Болат Бопайұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір