• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 10:49:30
Алматы
+35°

Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдинов Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қарап ұшқышсыз ұшатын аппарат операторларын даярлауға көңіл бөле бастағанын мәлім етті. Бұл туралы КазТАГ сайты хабарлады.

"Иә, біз жауынгерлердің даярлығына түзету енгізіп жатырмыз. Ұшқышсыз авиация операторларының оқу сабақтарына мұқият қарай бастадық. Өйткені ұшқышсыз ұшақтар барлау мен соққы беруде белсенді қолданылып жүргенін байқаймыз", - деді Камалетдинов бейсенбі күнгі Сенат отырысында. 

Оның айтуынша, артиллерияны дайындауға да көбірек көңіл бөлінген.

"Жауынгерлерді дайындау барысында зымыран артиллерияларын қолдану кең тарағанын ескереміз", - деді вице-министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір