• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Қазан, 09:50:00
Алматы
+9°

Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде беріп, тұрғындарды алдап келген адам ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктінің 10 эпизодқа қатысы бары анықталған. Полиция алдау әрекетінің құрбандары бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады.

Polisia.kz порталының хабарлауынша, күдікті 31 жастағы күдіктіні Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстаған.

Б. есімді азамат мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сату туралы ақпарат таратып, тұрғындардан алдын ала төлем сомасы ретінде 50 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін ақша алып отырған. Ақшаны қолына түсірген соң, баййланыссыз кетіп отырған.

"Біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас 10 эпизодқа қатыстылығы анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алданған адамдар одан да көп болуы мүмкін. Осы орайда азаматтарды осы адамның суретіне мұқият қарап, оны таныған жағдайда мына телефондар арқылы хабарласуға шақырамыз: 8-707-447-07-50; 8-701-707-77-10; 8-747-699-70-02" дейді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алаяқтық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір