• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 08:02:00
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заңға қол қойды. Төмендегі материалда Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ербол Өтеев жаңа Заңның жай-жапсары туралы айтып берді.

Ербол Өтеев

Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді, яғни қарызы бар азаматтар банкроттыққа тек 2023 жылдың наурыз айынан бастап өтініш бере алады.

Заң соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру  секілді рәсімдердің 3 түрін қарастырады. Барлық үш процедураны тек борышкердің өзі бастайды, яғни несие берушіде борышкердің банкроттығын жариялауға құқық жоқ.

 

Бірінші процедура: соттан тыс банкроттықты тек банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.

Соттан тыс банкроттықты азаматтар төмендегідей жағдайларда қолдана алады:

  1. банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш 5,5 млн.теңгеден (1600 АЕК) аспауға тиіс;
  2. банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлар алдындағы міндеттемелер бойынша өтініш берілген кезде қатарынан 12 ай ішінде төлем жасалмаған болуы керек;
  3. тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік болмауы қажет;
  4. мерзімі өткен берешекті реттеу банкпен жүргізілуі тиіс;
  5. банкроттық 7 жыл бойы қолданылмаған болуы міндетті.

Соттан тыс банкроттық, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүргізіледі. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің сәйкестігі мүдделі мемлекеттік және өзге де органдардың деректерімен автоматты түрде жүргізіледі.  

Ал сот арқылы банкроттықты 5,5 млн теңгеден астам борышы бар тұлғалар жариялай алады.

Сот банкроттығының мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болмаса, несие берушілер оны талап ете алмайды. Қалған өтелмеген сома борышкердің жауапкерсіздігі белгілері болмаған жағдайда есептен шығарылады (мүлікті немесе ол туралы ақпаратты жасыру, жалған ақпарат беру болмаған жағдайда).

Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына:

  • заңды тұлғалар мен Жеке кәсіпкерлердің банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
  • кәсіби бухгалтерлер;
  • заң консультанттары;
  • аудиторлар кіруге құқылы.

Барлық борышкерлер қаржы басқарушыларының қызметтерін төлей алмайтынын назарға ала отырып, заң жобасында мүлкі жоқ халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.

Үшінші рәсім ұрақты табыс болған жағдайда төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді, сотта қарыздарды төлеуге бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) қарастыруды көздейді.

Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.

Бұл процедураның артықшылығы бұдан кейін адам "банкрот" мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.

Банкрот деп жарияланған азаматқа кейбір шектеулер қойылады:

          1) 5 жыл ішінде қарыз бен кредит алуға тыйым салынады;

          2) қайта банкроттық 7 жылдан кейін ғана мүмкін болады;

      3) банкроттықтан кейін 3 жыл бойы аззаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі.

Бұл ретте, алимент бойынша, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу жөніндегі қарыздар есептен шығарылмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір