• USD 468.98

  • EUR 493.74

  • RUB 7.59

  • CNY 66.79

04 Желтоқсан, 07:06:15
Алматы
-6°

Индонезияның Бали аралында Үлкен жиырмалық елдердің көшбасшылары кездесті. Украина президенті Владимир Зеленский Балидегі "G20" саммитіндегі видеоүндеуінде Ресейдің Украинаға қарсы жойқын соғысын тоқтату керегін айтты, деп жазады "Украинская правда" басылымы.  

"Мен қазір Ресейдің бізге қарсы жойқын соғысын тоқтатудың уақыты келді деп ойлаймын. Біз Ресейдің қайта күш жинауына жол бермейміз", деді Зеленский. 

Оның айтуынша, "Минск-3" келісімі болмайды. Өйткені, осыған дейінгі Украинадағы қақтығысты тоқтатуға арналған екі "Минск келісімі" орындалмаған. 

Сондай-ақ өз үндеуінде Зеленский Ресеймен тұтқындардың барлығымен алмасуды ұсынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір