02 Қыркүйек, 2022 NEWS
Фото: nege.kz
Синоптиктер 3, 4 және 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазгидрометтің болжамы бойынша, елдің солтүстігінде күн суытып, оңтүстігінде аптап ыстық болады.
"Еліміздің оңтүстік жартысы циклон әсерінен қалыптасқан құрғақ және ыстық ауа райында қалады" делінген хабарламада.
Ауа температурасы төмендейтін өңірлер:
– Батыста түнде +10...+18-ден +8...+16°С-қа дейін, күндіз +23...+31-ден +17...+25°С-қа дейін;
– Солтүстік-батыста түнде +15...+23-тен +10...+18°С, күндіз +27...+35-тен +21...+28°С;
– Республиканың солтүстігінде түнде +15...+23-тен +8...+16 °С-қа дейін, күндіз +25...+35-тен +17...+25°С-қа дейін;
– Республика орталығында түнде +10...+22°С, күндіз +30...+38°С.
Ауа температурасы жоғары болатын өңірлер:
– Республиканың шығысында ауа температурасы түнде +4...+15-тен +10...+18°С, күндіз +22...+27-ден +30...+38°С-қа дейін көтеріледі;
– Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында негізгі фон температурасы түнде +15...+25°С, күндіз +30...+40°С.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір