• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 20:42:48
Алматы
+12°

Фото: Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының аналар кеңесі «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында бесік жыры сайысын өткізді. Байқауға аналар кеңесінің белсенді мүшелері, сондай-ақ жастар өкілдері қатысты.
 
Жоба ҚХА төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық отырысында ұсынылған.
 
Осылайша, Алматы қаласының аналар кеңесі «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасының жол картасы аясында бесік жырының конкурсын жариялады. Байқауға этномәдени бірлестіктердің аналар кеңестерінен тоғыз өтінім келіп түсті, олардың ішінде: күрд, түрік, ұйғыр, поляк, неміс, Қырым татарлары, әзірбайжан, түрікмен орталықтарының Аналар кеңестері және «Ассамблея жастары» РҚБ бар.
 
Байқаудың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды, ұлттық дәстүрлерді сақтау және өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Байқауға қатысушылар өздерінің ана тілінде бесік жырын орындады және мұның бәрі алдын-ала дайындалған бейнероликте көрсетілді. Әр орталық өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, өз халқының мәдениетін көрсете алды.
 
Осылайша, бүгін Алматы қалалық Достық үйінің қабырғасында байқаудың қорытындысы шығарылды. Барлық қатысушылардың арасынан қазылар алқасы 9 үздік жұмысты таңдап, номинациялады, оларға құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар берілді.
 
Қатысушылар арасында әр түрлі жастағы өкілдер болды. Түрікмен мәдени орталығының өкілі, 10 шөберенің әжесі солардың бірі. Бұл - ұлттық құндылықтар сабақтастығының кейінгі ұрпаққа жарқын үлгісі. Байқауға қатысушылар өздерінің жағымды эмоцияларымен бөлісіп, бұл байқау олардың әрқайсысына ана махаббаты мен мейірімін сезінуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
 
«Біз бұл байқауға өте жауапкершілікпен қарап, әр орталық өзінің ұлттық нақышын бесік жыры арқылы көрсетуге тырыстық. Сондай-ақ, біз жастарымыздың белсенді болып, жобаларымызды қолдайтынына қуаныштымыз. Алдымызда бұдан да қызықты әрі танымды іс-шаралар күтіп тұр» деп атап өтті Алматы қаласы Аналар кеңесінің төрайымы Махинур Исраилова.

Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір