02 Тамыз, 2022 NEWS
Фото: kapital.kz
"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы бірнеше пойыздың нөмірі мен қатынау бағыты өзгеретінін хабарлады.
"Нұр-Сұлтан – Шымкент" бағыты бойынша:
- 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар күнделікті №86/85 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент" пойызы;
- 1 қыркүйектен бастап стандартты вагондармен жасақталған №71/72 "Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент" күнделікті қатынайтын коммерциялық пойызы ашылады.
Сонымен қатар, 5 қыркүйектен бастап №71/72 пойыздың "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент" бағытындағы қатынасы өзгереді.
"Атырау – Алматы" бағыты бойынша:
-
1 қыркүйектен бастап стандартты вагондардан күн сайын қатынау кезеңділігімен №29/30 "Атырау-Алматы-2" коммерциялық пойызы;
-
3 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар №41/42 "Алматы-2-Атырау" пойызы күн сайын қатынайтын болады.
Басқа бағыттар бойынша:
-
5 қыркүйектен бастап №10/9 пойыздың "Нұр-Сұлтан-1 – Алматы-1" бағытындағы қатынасы өзгереді;
-
5 қыркүйектен бастап құрамында Тальго вагондары бар (стандартты вагондардың орнына) №73/74 "Алматы-2 – Жезқазған" жедел пойызы күнара жиілігімен жүреді;
-
3 қыркүйектен бастап №69/70 "Алматы-2-Өскемен-1" Тальго коммерциялық пойызы тоқтайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір