• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 10:51:33
Алматы
+35°

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңтар оқиғасы кезінде қиратуға қатысқандарға 20-дан 100 долларға дейін төленгені туралы хабарлады.

Елдос Қилымжановтың сөзінше, Алматы облысында "О" және "Н" есімді азаматтар Талдықорған қаласында қиратулар, азаматтардың мүліктерін жою және мемлекеттік объектілерді басып алу қатысушыларын қаржыландырған. 

– Бұл фактілер тергеу барысында анықталды және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін күдіктелген адамдардың жауаптарымен расталады. Жамбыл облысының тұрғыны 2022 жылғы 4 қаңтарда Алматы қаласында болып, "Телеграмм" канал ашып, оған санаулы сағаттарда бірнеше мың қатысушы жазылды. Осы телеграмм канал арқылы оның қатысушылары баррикадаларды құру, "Молотова" коктейльдерін дайындау және құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық білдіру үшін толық нұсқаулық алып отырған. Кейін ағымдағы жылғы 5-6 қаңтарда аталған канал арқылы қиратушылардың қозғалысы және олардың Жамбыл облысының мемлекеттік объектілеріне жасаған шабуылдарын түзету туралы ақпарат жүрді. Күдікті адам анықталды және ол қазіргі уақытта қамауда. Осы өңірде "Газель" автокөлігінің жүргізушісі "С" және оның жақтасы "К" есімді азаматтар анықталды. Олар аталған көлікпен жүріп, алдын ала дайындалған арматураны, ұрланған полицияның қалқандары мен бронжилеттерін таратқан. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкерлерінің жүруін қиындату үшін, олар автокөлікті жолдарды жабуда қолданған. Қылмыстық істерді талдау нәтижелерімен осы қылмыстарды жасаудың ұқсас тәсілдері қайғылы оқиғалар болған басқа өңірлерде де байқалатынын көрсетті. Бұл мән-жайлар олардың үйлестірілуін және бірыңғай жоспардың болғандығын көрсетеді, – деді ол.

Елдос Қилымжанов Алматы қаласында ұсталған 4 күдікті әлеуметтік желі арқылы арматура кесінділерін дайындау және қиратушылар орналасқан жерге тасымалдау туралы нұсқаулар алғанын, қазіргі уақытта олардың үйлестірушілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір