• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 07:58:14
Алматы
+35°

Белгілі спортшы, ауыр атлет Илья Ильиннің ағасы пара берді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-каналында хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылордада өткен жылы 6 миллион теңге алу үстінде қала прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің бастығы Әлихан Базарбаевты қамауға алған. Қадағалау органының қызметкері 5 спорттық балалар мектебінің жұмысы бойынша оң қорытынды беру үшін ақша алған. Ал оған ақшаны бес спорт жетекшісі – Иманбек Жұмабаев, Абылайхан Ақбергенов, Серік Сексембаев, Ербол Кикбаев және ауыр атлетикадан бұрынғы олимпиада чемпионы Илья Ильиннің ағасы Алексей Ильин жинап берген" делінген жазбада. 

Телеграм каналдағы ақпаратқа сүйенсек, жақында бұл іс бойынша үкім жарияланған. Базарбаев "кінәлі" деп танылып, пара берушілердің жауапкершілігі туралы мәселе қаралған.

"16 ақпанда бесеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, ертең бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілетін болады" деп жазды Козачков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір