• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 21:34:59
Алматы
+12°

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында елде АЭС салу қажеттігі туралы айтты.

 

– Біз электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысында тұрақты іркілістерге тап болдық. Ең жарқын мысал – жақында елдің оңтүстігінде электр қуатын өшірумен байланысты болды. Біз шекаралас мемлекеттердің энергия жүйесіндегі жұмыстың сапасына ішінара тәуелдіміз. Жауапты адамдардың атом станциясының құрылысы туралы сұрақтарға жауап беруден неліктен қашқақтайтынын түсінбеймін. Турасын айту керек: таза атом энергиясынсыз біз инвестициялар туралы айтпағанда, бүкіл экономикамызды жоғалтып аламыз, өңірлік көшбасшылығымызды жоғалтамыз. Бізге электр энергиясы қажет, атомдық, таза электр энергиясы керек. Атом энергетикасының маңыздылығын кәсіби түрде түсіндіру қажет, – деді президент.

 

Қазақстанда бірнеше жылдан бері атом электр станциясын салу идеясы көтеріліп келеді. Энергетиктер АЭС қажеттілігін энергетикалық тапшылықпен түсіндіреді. Президент Қ.Тоқаев биылғы жолдауында 2030 жылдарға қарай Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болатынын айтқан.

Алайда қоғамда АЭС салуға қарсы көңіл-күй басым. Арыс қаласы, Жамбыл облысындағы әскери қоймаларда болған жарылыстан кейін АЭС салу идеясына деген теріс көзқарас арта түскен. Азаматтар арасында екі жылда екі бірдей жойқын жарылысқа жол беріп қойған үкіметтің әрекетіне күмәнмен қарайтындар басым. "АЭС салып, соңы үлкен қайғылы жағдайға ұрындырып жүрмесіне кім кепіл" деген мазмұндағы пікірлер жиі айтылады.

Бұған дейін атом электр станциясын салуға ыңғайлы орын ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданына қарайтын Балқаш көлінің оңтүстік-батыс бөлігіндегі Үлкен кенті белгіленіп отырғаны хабарланған.
 
Сондай-ақ атом электр станциясына қажетті құрал-жабдықтарды шығаратын кәсіпорындардан, атап айтқанда Ресей, Қытай мен Франциядан, АҚШ елдері өндірушілерінен ұсыныстар түскені туралы ақпарат тараған.
 
Ал Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Росатом қауіпсіздік мен экологиялық тазалыққа кепілдік бере отырып, Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасын қолға алуға дайын екенін мәлім еткен.
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АЭС атом энергиясы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір