15 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото:kaztag
"ҚазТрансОйл" АҚ басқарма төрағасы Димаш Досанов пен "ҚазТрансГаз "ҰК "АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев қызметінен босатылды, деп хабарлады KазТАГ ақпарат агенттігі.
"Директорлар кеңесі (Досанов пен Шәріпбаевты - ред) қызметінен босату туралы шешім қабылдады" делінген агенттік хабарламасында.
Димаш Досанов – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның, ал Қайрат Шәріпбаев – үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір