16 Қараша, 2021 NEWS
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкентте эпизотияға қарсы жұмыстар қолға алынуда. Қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының дерегінше, жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл іс шаралар ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен бекітілген жоспарға сәйкес атқарылуда.
Профилактикалық іс-шаралар бойынша: құтыруға ірі қара мал – 75 бас, ит – 3 402 бас, аусылға ірі қара мал – 5 930 бас, ұсақ мал – 6 825 бас, сібір жарасы ірі қара – 3 079 бас, лептеспероз ірі қара мал – 225, эхинококоз етқоректілер – 12 700, оспа ұсақ мал – 7 325, бродзот ұсақ мал – 2 516 бас, құс тұмауы үй құстарына – 8 674 басқа екпе жұмыстары жүргізілген.
Анықтама қан сынамасын алу (диагностикалық) іс-шаралар бойынша: бруцеллез ірі қара мал – 17 062 бас, ұсақ мал – 20 732, түйе – 19, шошқа – 40, жылқы - 11 бастан қан сынамалары алынып өңірлік ветеринариялық зертханаға жіберілді.
Сондай-ақ, бірдейлендіру жұмыстары бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылған. Жыл басынан бері 22 277 бас ІҚМ, 36 331 бас уақ мал, 128 бас шошқа және 1 311 бас жылқылардан алынған төлдер бірдейлендірілді.
Ал, қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою бойынша, тұрғындар тарапынан 67 өтініш түскен. Өтінішке сәйкес бекітілген аулау бригадалары 726 бас қаңғыбас ит-мысықтарды аулап, Еңбекші ауданы Абдулла-Абад тұрғын алабында орналасқан уақытша ұстау орталығына жеткізді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір