14 Қазан, 2021 NEWS
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласында биыл 182 көше мен 21,9 шақырымдық 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған.
Қала әкімі М.Әйтенов жол құрылысы нысандарының бірқатарын аралап, жұмыс барысын бақылады.
- Орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысанның бірі – қала орталығындағы Б.Момышұлы көшесі. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 95 пайызы біткен. Бұл көшеде орташа жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізілген болатын.
Сонымкен қатар М.Әйтенов Т.Рысқұлов көшесіне барды.
Қала әкімі М.Әйтенов жол құрылысы нысандарының бірқатарын аралап, жұмыс барысын бақылады.
- Т.Рысқұлов көшесі - көлік ағынының қарқындылығына байланысты және қаланы өзге елдімекендермен біріктіретіндіктен басты магистралды көшелердің бірі болып табылады. Байтұрсынов көшесінен Әл-Фараби көшесіне дейінгі аралықта орташа жөндеу жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған. Төрт жолақты көшенің жалпы ұзындығы 4,1 шақырым. Жол нысанында жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары төселген. Жұмыстар кестеге және жоғары стандартқа сай жүргізіліп келеді.
Айта кетейік, Әл-Фараби көшесінің жалғасы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс барысын бақылады. Сала жетекшілеріне жолдың сапалы салынуын қадағалауды тапсырды.
Көшенің жалпы ұзындығы 7,6 шақырым, ені 43 метр. Жолдың жүріс бөлігі – 4 жолақты. Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары қолға алынған. Жалпы құрылыс жұмыстарының 95 пайызы орындалды.
Көше бойында 6,35 метрлі жолақты бөліп тұратын жасыл аймақ, арық, 3 метрлік жаяу жүргінші жолы, 4,5 метрлік жолдың екі жағынан жасыл аймақ қарастырылған.
Әл-Фараби көшесі Темірлан тас жолындағы көлік тығынын азайту үшін баламалы жол болып есептеледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір