• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 23:55:29
Алматы

Бүгін Қазақстанның әскери әуе күштері Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Қазақстанға 25 ҚР азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР елшілігінің қызметкерлері келді.

Сонымен қатар әскери ұшақпен Қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғыз Республикасының 14 азаматы эвакуацияланды.

Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен Қазақстан елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы Ауғанстаннан шығарылды.

– Бірнеше күн бұрын Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ деп мәлімдеме жасаған едік. Себебі ол кезде біз білетін адамдардың бәрі шығып кеткен. Алайда екі-үш күннің ішінде елшілікке бір топ азамат келіп, елге оралуға өтініш білдірді. Қазақстандық құжаттарын көрсетті. Бүгін ғана осы жарты сағаттай бұрын Алматы әуежайына қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы қонды. Онымен Қазақстанның 25 азаматы елге жеткізілді, – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров, 










"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ауғанстан босқындар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір