• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 09:21:27
Алматы
+35°

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі қашан шығатыны белгілі болды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында айтты. 

– Біз дайындалып жатырмыз. Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық  комиссияның отырысы өтіп жатыр. Тамыздың 15-не дейін бұл жұмыс аяқталады. Содан кейін әдеттегідей тағайындау қорытындысын жария ететін боламыз,– деді министр. 

Айта кетейік  биыл мемлекеттік гранттардың жалпы саны 5 мыңға артты. Былтыр гранттардың саны 51 мың болса, биыл 56 мыңға дейін көбейді.   

Осы жылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға 75 мыңнан астам өтінім берілген.  Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13 мыңға артық екенін көрсетеді.  



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір