03 Тамыз, 2021 NEWS
Фото: Ашық дерек көз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады" делінген хабарламада.
Жамбыл облысының әкіміне кадрлық қателігін түзеу үшін 24 сағат уақыт берілді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір