• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 07:35:43
+35°

Ryanair әуекомпаниясының ұшағы Беларусь астанасы Минскке қондырылғаннан кейін сүйіктісі, Беларусь оппозиционері Роман Протасевичпен бірге қамауға алынған София Сапеганың анасы Анна Дудич ВВС-ге қызының жағдайына алаңдайтынын айтып, осы жайттың бәрін өздері мен қызы өткеріп жатқанына сене алмайтын жағдайда екенін жеткізген.

Ол соңғы рет қызынан "мама" де жазылған мәтін түріндегі хабарлама алған.

"Қызымның өмірі үзілмеу үшін кімге болсын жалынуға бармын" деген Анна Дудичке қызымен кездесуге рұхсат етілмеген. Ол қызын өзіне тағылған айыпты "мойындаған" видеодан ғана көрген.
 
25 мамырда Протасевич пен Сапега өздеріне тағылған айыпты мойындаған қысқа видео жарияланған. Ол жерде Протасевич жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айыпты, ал Сапега күш құрылымының жеке деректерін жариялағанын мойындайды. Бірақ Протасевич пен Сапеганың жақындары бұл сөздерді "оларға күштеп айтқызған" деп санайды. Протасевичтің әкесі ұлы видеода мазасызданып тұрғанын, мұрнының үсті сынған болуы мүмкін екенін айтса, Сапеганың анасы "София видеода көзін айналдырып, ойнатады. Бұл оған тән әрекет емес. София белсенді болмаған, Беларусьтегі даулы президент сайлауынан кейінгі наразылық акцияларына қатыспаған. Ол Протасевичпен байланысы болғаны үшін ғана қамалып отыр" деген пікірде.
 
23 мамырда Ryanair әуежелісінің ұшағы  Грекия астанасы Афиныдан Латвия астанасы Вильнюське ұшып бара жатып, "бортта бомба бар" деген себеппен истребительдердің көмегімен күштеп Беларусь астанасы Минскке қондырылған. Ұшақ қонысымен, бортта болған 26 жастағы журналист Роман Протасевич пен сүйіктісі София Сапега қамауға алынған.
 
Ұшақты қондыру туралы бұйрықты Беларусь президенті Александр Лукашенко берген. Батыс елдері Лукашенконың бұл әрекетін айыптап, Еуропалық одақ Беларусьтің әуе компанияларына Еуропа аспанында ұшуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ алдағы уақытта ЕО авиакомпанияларына Беларусь үстінен ұшып өтпеуді бұйырды және экономикалық санкциялар одан әрі жалғасатынын айтты.

Ал АҚШ президенті Джо Байден Беларусь билігінің әрекетін "шектен шыққан" деп айыптап, бұл "саяси келіспеушілікке де, баспасөз бостандығына да ұят шабуыл" деп мәлімдеген.

Александр Лукашенко "ұшақтағы бомба" туралы ақпарат ХАМАС тобы (Газа Секторын бақылап отырған кей мемлекеттер лаңкестік топ деп таныған ұйым) тарапынан Швейцариядан түскенін айтады. ХАМАС тобы мұны терістесе, Швейцария мұндай ақпараттың тарағанын анықтай алмағанын мәлім етті.

Протасевич кім?

Протасевич Nexta медиа-компаниясының, Telegram каналының бұрынғы редакторы. Ол 2019 жылы Беларусьтен кетіп, 2020 жылғы президент сайлауы барысын ақпараттандырып отырған. Nexta Беларусьтегі президент сайлауы кезінде оппоцицияның дауыс беруінде шешуші рөл атқарды. Оппозиция Лукашенко дауыс ұрлады деп санайды. Үкімет жаңалықтарды таратпай қойғаннын кейін бұл пікірдегі адамдар көбей түсті. Осыдан кейін оған терроризм мен тәртіпсіздікті қоздыру бойынша айып тағылған.

Батыс лидерлері оппозиция басшысы кандидат Светлана Тихановскаяны қолдаған. Сайлаудан кейін Лукашенконың жеңісіне наразы ондаған мың адам бірнеше ай бойғы алаңға шыққан. Наразылық акциясына шыққандарды жергілікті полиция ұрып-соққан, азаптаған әрекеттер көптеп болып, ондай жағдайларды Nexta ұдайы жариялап отырған. Биылдың өзінде полиция талапынан жасалған аяусыз әрекеттердің көптеген жағдайлары тіркеліп, 2700-ден астам соттау істері болған.

Александы Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан бері басқарып келеді. Ол президент ретінде 6 мәрте қайта сайланған. Оның саясатта "Еуропаның соңғы диктаторы" деген аты бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір