• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 09:21:09
Алматы
+35°

2005 жылғы 12 қарашада үйінде өлі табылған оппозиция жетекшісі Заманбек Нұрқаділовтің кіші қызы Мерей Нұрқаділова TikTok желісінде әкесімен бірге түскен мұрағат кадрларын көрсеткен видео жариялады.

Видео ағылшын тіліндегі "мен барлық еркектерді жек көремін, бірақ ол..." деген фразадан басталып, әрі қарай Мерей мен әкесінің суреттері кетеді. Мерей Нұрқаділова бұл сөздері арқылы не айтқысы келгені белгісіз.

Заманбек Нұрқаділов ұзақ жыл билікте түрлі лауазымды қызметтер атқарып, өмірінің соңғы жылдары биліктен кетіп, оппозицияға өткен. Елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынап, 2004 жылы жемқорлыққа қарсы қоғамдық комитет құратынын жариялап, "Әділетті Қазақстан үшін" оппозициялық қозғалысының құрылтай комитетіне енген.

2005 жылғы 12 қарашада саясаткер Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда мерт болған. Тергеу амалдары "Нұрқаділов өз-өзін екі рет кеудесінен және бір рет басынан тапаншадан атып қаза болған" деген қорытынды жасаған.

Ол кезде Мерей небәрі үш жаста еді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ??ZTB.KZ (@ztb_kazakhstan)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір