• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 17:16:04
Алматы
+12°

Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген қаражаттың жалпы көлемін айтты.

– Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат медицина және басқа қызметкерлерге қосымша ақы төлеуге, 3 инфекциялық аурухана құрылысына және басқа шараларға жұмсалды. 575 млрд теңге қосымша шығыстар – азаматтар мен экономиканы қолдауға және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға, Нұр-Сұлтан қаласындағы үлестік құрылыстың проблемалық нысандарын аяқтауға және басқа да басым міндеттерге бағытталған, – деді Берік Шолпанқұлов.

Сондай-ақ ол коронавирус індетімен күреске Үкімет резервінен 66 млрд 957 млн теңге, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігіне 46 млрд 587 млн теңге бөлінгенін атап өтті.

Айта кетейік бұған дейін коронавируспен күреске 6 трлн теңге бөлінген болатын.

Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар – 51 059, жазылып шыққандар – 16 928, қайтыс болғандар – 264.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір