• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 22:35:20
Алматы
+12°

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды.

2020 жылғы 18 мамырдан бастап санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:

- қонақ үйлерге;

- сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілеріне;

- таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарына;

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 18 мамырдан бастап жалпы ғимарат көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып санитарлық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі.   

2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын сақтауды ескере отырып, кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір