• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 16:51:40
Алматы
+12°

13 Тамыз, 2019 Экономика

Вице-министр: Республикалық бюджеттің кіріс жоспары артығымен орындалды

Вице-министрдің сөзіне сенсек, аталған периодта ешқандай қаржы шашау шықпаған.

ҚР бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпақұлов жыл басынан бері бюджетке түскен қаражат мөлшерін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Жыл басынан бері бюджетке 4 трлн 984 млрд теңге қаражат түсті. Республикалық бюджеттің кіріс жоспары 102,2 пайызға орындалды. Аталған аралықтағы жоспардан артық 79 млрд теңге түсті. Бюджетке салық есебінен былтырғы есеппен салыстырғанда 555 млрд теңге артық түсті. Қаржылық өсім ҚҚС (293 млрд теңге), КТС (144 млрд теңге), ЭСҚ (92 млрд теңге) есебінен», - деді Берік Шолпанқұлов.

Сондай-ақ, ол макроэкономикалық көрсеткіштердің ауқымы артып келе жатқанын айтты.

«Жергілікті бюджет кірісі 107,5 пайызға немесе 1 трлн 378 млрд теңгеге орындалды. Жоспардан бөлек 97 млрд теңге қаражат артық болды. Нұр-Сұлтан қаласынан бөлек аймақтардың барлығы жоспарды артығымен орындады. Республикалық бюджеттің шығындарының 98,9 пайызы немесе 6 трлн 695 млрд теңге игерілген. 72 млрд теңге игеріліп үлгермеген. Оның ішінде экономикалық бюджетті үнемдеу есебі – 15 млрд теңге. Негізгі игерлімеген сумма ІІМ (8,8 млрд теңге), АШМ (6,2 млрд теңге), Цифрлық даму қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (6,2 млрд теңге),  Мәдениет және спорт министрлігі (4 млрд теңге) тиесілі», - деді ол.

Сонымен қатар, вице-министр игерілмей қалған қаражаттың себебін түсіндіріп өтті.

«Өткізілмеген конкурстар – 4,4 млрд теңге, оның ішінде 3,1 млрд теңге Цифрлық даму қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиесілі. Келісілген жеткізушілермен келісімшерт мәселесі шешілмеген», - деді Берік Шолпанқұлов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір