• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 02:07:01
Алматы
+12°

30 Шілде, 2019 NEWS

Нұртас Адамбай Тоқаевқа: Ішкі істер департаментінде тәртіп орнатыңыз!

Режиссер ашуға булығып, мемлекет басшысына түрмедегілердің халін жеткізбек.

Белгілі режиссер Нұртас Адамбай өзінің желідегі парақшасында мемлекет басшысына арнап жазба қалдырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі

"Қасым—Жомарт Кемелұлы, сіз басқарып отырған мемлекеттің азаматы ретінде өзіңізге бірер ауыз сөз айтқалы отырмын.

Ішкі істер департаментіне ішкі тәртіп керек! Адамдар қанша уақыттан бері полиция қызметкерлеріне мүлде сенбейді. Бұған негіз де жоқ емес.

Түрмедегі қызметкерлер тұтқынды байлап тастап қинайтын көрінеді. Сыпсың сөз дейін десек, тайға таңба басқандай видео желіде кезіп жүр.

Осындай жазбаларды көріп, азамат ретінде, қолында билігі бар адам ретінде шара қолданатыныңызға сенемін. Мемлекет азаматы түрмеде жатса да, қиындық көрмеуі тиіс. Оларға да қамқорлық керек. Адамшылық деген болады.

Адам бір рет жаза басса, оны қор қылудың қажеті шамалы. Сондай-ақ, біздегі сот жүйесінің әділетсіздігі нәтижесінде қанша жазықсыз адам түрмеде отыр. Сіз мұны білесіз.

Не себепті біздің еліміз әлемдегі озық өркениеттен кейіндеп барады?

Неге Ішкі істер министрі көптеген шулы жағдайларға байланысты пікір білдірмейді?

Неге кей шенділер қылмыс жасаса жұмысын құрбан етіп қана құтылып жүр?"

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір