• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 05:10:27
Алматы
+12°

Британдық ВВС агенттігі

"Қазақ сайлауы Көшбасшы пайдасына шешілді"

Қазақ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде кеңінен күтілген, мерзімінен бұрын өткізілген сайлауда 97,7 пайызбен жеңіске жетті. Елдің ОСК дауыс берушілердің рекордтық нәтижесі 95,11 пайыз болып, белсенділік көрсеткіші артты деп мәлімдеді.

74 жастағы Назарбаев мырза осымен бесінші рет қатарынан жеңіске жетіп отыр. Сайлауда Назарбаев мырзаның жеңіске жетініне ешқандай күмән болмаған.

Президент Назарбаев Орталық Азиядағы мұнайға бай елдің тұрғындарына экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты уәде етті. Ал оның екі қарсыласы еш қауқар таныта алмады. Осылайша Назарбаев мырза еш кедергісіз, сайлауда жеңіске жетті.

Халықаралық "Reuters" агенттігі

"Тұрақтылық" мантрасы қазақ көшбасшысын жаңа мерзімге сайлады

Президент Назарбаев өзінің 26 жылдық тәжірбиесінде үздіксіз жеңіске жетіп келеді. Ол осы жексенбі күні өзінің кезекті жеңісіне еш кедергісіз жетті. Тіпті, оның қарсыластары болмады деуге болады. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары сайлау барысында жіберілген өрескел қателіктерді назарға ала отырып, елдегі оппазицияның тұншығып, жоққа айналғанын сынға алған.

Ал қазақстандықтардың өздері оны "Көшбасшы" деп айтады және мойындайды.

Қазақстанның азаматтық альянсының тапсырысы бойынша,  мемлекеттік емес "экзит-пол" ұйымы сайлау қорытындысы бойынша Назарбаев 97,5 пайыз жинады деп хабарлағанымен, елдегі ОСК өз нәтижелерін кейінірек мәлімдейтінін жеткізген.

Қазақстандағы сайлау еш тосынсыйсыз өтті және Назарбаев өзінің футуристік астанасында еркін мәлімдеме жасады.

"Менің отандастарым елдегі тұрақтылық үшін, саяси мен жүргізіп отырған саяси ұстаным үшін дауыс беретініне сенемін. Менің отандастарым маған дауыс береді деп ойлаймын",-деді Назарбаев мырза.

Назарбаев мырза өз кезегінде көрші Ресей және Қытаймен, АҚШ және ЕО-пен берік байланыс орнатқан.

Оның қарсыластары еш қауқарсыз коммунистік партия мүшесі мен экс-әкім ғана.

Халықаралық "Аljazeera" телекомпаниясы

"Қазақстанның Назарбаевы сайлауда тағы жеңді"

Орталық Азия лидері ешқандай оппазицияның қатысынсыз айлауда жеңіп шықты. Ол ОСК мәлімдемесінен бұрын-ақ, 97,7 пайыз дауысқа ие болғанын айтқан. Ал оның қарсыластары биліктің көлеңкесіндегі адамдар болуы мүмкін. 74 жастағы Назарбаев мұнайға бай, Орталық Азиядағы алпауыт мемлекет Қазақстанды 1989 жылдан бері басқарып келеді. Жалған демократиялық елдің тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы қазақстандықтардың басым көпшілігі Назарбаев мырзаны қолдайтындықтарын көрсетті. 17 миллион тұрғыны бар елдің Президентінің ресми лауазымы Көшбасшы. Ол 200 миллиард доллар тікелей шет елдерден инвистиция тарту арқылы Қазақстанды Пост-кеңестік елдер арасындағы екінші қуатты мемлекетке айналдырды. Қазақ сайлауында кандидат ретінде көрсетілген екі азаматтың бірі коммунист Тұрғын Сыздықов-68 жаста болса, екіншісі Әбілғазы Құсайынов-63 жаста.

Ұлыбританиялық "Theguardian" басылымы

"Қазақстандағы сайлау Назарбаевтың тақ мұрагері туралы сұрақты кейінге шегерді"

74 жастағы Президен өзінің мәңгі орнына қайта отырды.

Мыңдаған студенттер, спортсмендер, өнер жұлдыздары, қалжыраған ардагерлер, жүйкелері жұқарған мұғалімдермен бірге барша қазақстандықтар қолдарына жалауша ұстап, өз лидерлерін қолдады.

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алғалы бері Президент лауазымынан түспей келе жатқан Назарбаев үлкен мінберде өзіне айтылған ақ тілектерге масайып тұрды. Қазақ көшбасшысы Назарбаев - 8 миллион әйел ғашық болған кең жүректі, философ, теңдессіз саясаткер, бар қазақтың ұстазы. Ол әдеттегідей еш кедергісіз өткен сайлауда жеңіске жетті.

Ресейлік "Россия24" арнасы

"Қазақстандағы мерзімінен бұрын өткізілген сайлау жеңімпазы - Назарбаев"

Қазақстанда өткізілген мерзімінен бұрын сайлауда Путиннің ең маңызды қолдаушысы, қазақ көшбасшы Назарбаев жеңіске жетті. Алдын ала шығарылған қорытынды бойынша ол сайлаушылардың 97,7 пайыз дауысына ие болған.

Ағылшын тілінен аударған Нұргелді Әбдіғаниұлы

Сурет: aljazeera.com

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір