31 Қазан, 2024 NEWS
Испанияда үш күндік аза тұту жарияланды
Мұнда алапат тасқын салдарынан 95 адам көз жұмған.
Көрнекі сурет
Үкімет басшысы Карлос Масон аймақтарда іздеу-құтқару жұмысы әлі жүріп жатқанын айтады. Сондықтан құрбандар қатары әлі өсуі мүмкін.
Опат болғандардың 82-сі Валенсия провинциясының тұрғындары. Жоғалғандар да өте көп. Теле және радио стансаларға сырт әлемнен оқшауланып қалған жүздеген тұрғын хабарласып жатыр. Құтқару операциясына мыңнан астам сарбаз бен тікұшақ тартылды. Ондаған мың адам жарықсыз отыр.
Метеоролгтар жауын-шашын бүгін де жалғасады деп ескертті. Испания патшасы жақынынан айырылғандарға көңіл айтты.
Қайғылы оқиғаға байланысты жақынын жоғалтқан барлық отбасыларға көңіл айтамыз. Көптеген мүлік қирады. Кейбір аймақтарға әлі жете алмай жатырмыз. Сондықтан алапат тасқынның зардабын әлі толық білмейміз. Премьер-министр және барлық аймақ басшыларымен байланыстамын. Барлық шараларды жасап жатырмыз, - деді Испания патшасы Филипп VI.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір