• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 18:55:32
Алматы
+12°

31 Қазан, 2024 NEWS

Қытай түрмесіндегі Ақжарқын Тұрлыбай елге қайта ма?

Бұл сұраққа сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев жауап берді.

Ашық дереккөзден

Осыдан 4-5 жыл бұрын Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты отандасымызды елге қайтару бағытында прокуратура және Сыртқы істер министрлігі белсенді жұмыс бастаған еді. Қазір ол жайлы ақпарат аз. Жоқтың қасы деуге болады. Әлеуметтік желіде елге қайтарылды, бірақ оны жарияламай жатыр деген сияқты әртүрлі ақпарат тарап жатыр. Осы бағытта қандай жұмыс жүріп жатыр. Ақжарқын Тұрлыбай қазір қайда? Және оны елге қайтару мақсаты бар ма? - деп сұрады БАҚ өкілдері.

- Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты айтатын болсам, біз осы СІМ-мен бірлесе отырып Қазақстан азаматын Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерімізді салудамыз. Біз ол жұмысты тоқтатқанымыз жоқ. Ол жұмыс белсенді атқарылып жатыр. Менің ойымша жақын арада оң шешімін табады деп сенемін, - деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Оның айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбай жазасын елде өтегісі келеді.

Өз жазасын елде өтегісі келетіні жайлы арызы бізге келіп түскен. Ол елге келіп өтегісі келеді. Адвокаты бізбен тұрақты түрде байланыста, - деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір