• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 07:32:00
+12°

17 Қазан, 2012 NEWS

Қытай Халық Респуликасы халық үкіметіне,

Қытай Халық Республикасы сыртқы істер  минстірлігіне,

Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Бас елшілігіне

 

Ашық хат

Қытай Халық Республикасының интернет ақпарат құралдарының ішіндегі ықпалды, таралымы кең электронды ақпарат құралдарының бірі болып саналатын Шинлаң (sina.com.cn) сайтында Қазақ халқының  салт-дәстүрін бұрмалау, қорлау, және мазақ ету мақсатымен жазылған мақала  жарық көрді. «Естелік» ретінде жазылған мақаланың авторы  Хұң Бау: «Қазақ қонақшыл халық, қонағын күткені сондай қонағына қой сойып, ет беріп күтумен қоймай, қойнына ұзатылмаған үлкен қызын салып береді!» деп, Қазақтың салт-дәстүрінде жоқ, Қазақ халқының ұлттық ар-намысына тиетін жалған оқиғаны өз басынан өткен шындық ретінде жариялады. Хұң Бау мырзаның қазақ халқын масқаралауға арналған осы өтірігі Қытай елінде тұратын қазақтарда ғана емес, сан ғасыр көрші отырған Қазақ елінің азаматтарының, біздердің де ашу-ызамызды туғызды. Өкінішке орай, бұл шығарма ҚХР сайттарында қазақты қорлау бағытындағы жазылған бірінші мақала емес екенін естеріңізге саламыз. 1986 жылы Хұң Баудың «Алыстағы ақ отау» деген кітабында «атасы алғаш түскен келінін бірінші астына басады, сондықтан тұңғыш немересін өз баласы етіп, баурына алады» деген ешқандай шындыққа жанаспайтын, ұлтымыздың ұлттық намысын қорлайтын шығармасы ақпарат құралдарында жарияланған болатын. Ал осыдан бір жыл бұрын Уаң Лиды деген  ҚХР азаматы да осыған ұқсас жалған мәлімет таратқан еді. Бірақ бұлардың барлығы Қытай үкіметі тарапынан ешқандай жауапкершілікке тартылмады. Осындай  ойдан шығарылған, ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін бұрмалап, мазақтап, масқаралап беретін «естеліктер» тек Қазақ халқын ғана емес, әлемдегі барлық түркі, мұсылман халықтарының да намысына тиіп, ашу ызасын  қозғайтын аса күрделі ұлтаралық мәселе.  Бұл «естеліктің» Қытай ақпарат құралдарында ашық жариялануы «бейбіт қатар тұру мен ұлттар теңдігін дәріптеу» саясатын ұстанған ҚХР үкіметі мен қытай халқына абырой әкелмейтіні және екі елдің арасындағы достық қарым-қатынастың дамуына кедергі келтіретіні де анық. Біздер, Қазақстандық қоғамдық ұйымдар өкілдері мен жеке азаматтар, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Бас елшісіне осы Ашық хатты тапсыра отырып, ҚХР халық үкіметіне төмендегідей  ұсыныс айтамыз: 1. Қытай меншігі болып саналатын және Қытай халық үкіметінің бақылауында болған sina.com.cn сайтына бақылау жасай отырып, өзге ұлттың ұлттық ар-намысын қорлайтын, Қазақ халқының абыройына дақ түсіретін теріс ақпаратты төрт жыл бойы сайтқа қоюға жол берген жауапты қызметкерлерді қатаң жазалауын сұраймыз; 2. ҚХР ақпарат құралы болып саналатын  «Шинлаң» сайты  өзге ұлттардың ар-намысын қорлайтын жалған ақпаратты еш тексермей, жауапкерсіздікпен сайтқа салғаны үшін және осы жалған ақпаратты төрт жыл бойы қойғаны үшін «Шинлаң» сайты және сайт жауаптысын жазалауды дұрыс деп есептейміз; 3. ҚХР-дағы аз ұлттар туралы қисынсыз әрі намысын қорлайтын арсыз пікір таратқан, шындыққа жанаспайтын шығарма жариялаған  Хұң Бау мырза Қытай халқы мен Қазақ халқының арасына  от тастап, екі елдің көршілік тату қатынасына қасақана арандату әрекетін жасағаны үшін ҚХР қылмыстық істер заңының 250-тармағында көрсетілген «аз санды ұлттарды кемсіткен және қорлаған шығармаларды баспадан шығару қылмысы үшін» қатаң жазаға тартылуы тиіс екендігін еске саламыз; Осы ұсыныс талаптарымыз орындалмаған жағдайда Қазақстандағы ұлттық ұйымдар мен қоғамдық  қозғалыстары, барлық намысы қорланған Қазақ жастары халықаралық құқық қорғау ұйымдарына шағымданамыз, Астана қаласындағы ҚХР елшілігі алдында наразылық шарасын өткіземіз.   Болат Абилов ( сопредседатель ОСДП) Рысбек Сәрсенбай ұлы  (редактор газеты «Жас Алаш») Мэлс Елеусізов  (председатель эко-партии «Табигат») Маржан Аспандиарова ( правозащитник) Нұрлан Бакирланов  (член партии «Азат»)   Дос Кошим (общественный деятель, председатель ОО «Улт Тагдыры» ) Турарбек Кусаинов (руководитель аппарата республиканского движение «Улы Дала» Даурен Бабамуратов, руководитель Республиканского общественного объединения «Болашак» Мухтар Шаханов (председатель общественного движение «Мемлекттік тіл» Әсем Әлмуханбет Асылқан Әбдірайымұлы Айбол Айнақұлов (журналист) Бақытгүл Мәтінбай (газета «Дат») Серғазы Изырбек Гүлмира Гриболдинова (газета «Дат») Меруерт Турлыбекова (газета «Жас Алаш») Молдағали Мәтқан (писатель, академик) Нүсіпов Мұрат Агелеуов Галым (ОФ «Либерти») Дүйсенбин  Болат (общественный деятель) Нарымбаев Ермек Мухтар Тайжан (общественный деятель) Мусагали Дуамбеков (ОФ Национальный антикоррупционный комитет) Құлкерім Елемес (поэт,общественный деятель) Серік Мұратхан Асель Назаралы (поэт) Қажымұқан Ғабдолла, (председатель ОО «Батыс Алаш») Асет Ахмедия (физика PHD  доктор) Дубек Қазыкен (биотехнология PHD  доктор) Қадылбек Тоқан  (Главный врач) Ержан Сұлтанов    (главный инженер) Ерғазы Акімбаев Макпал Кожаканов (журналист) Ермек Тілеген  (журналист) Аязгуль Темирова ( преподователь) Сетерхан Қаден (инженер) Қуаныш Мұқтай (поэт) Нағашыбай Есмурзаев (переводчик) Еркін Карин, журналист. Айболат Бөкенов, журналист. Қымбат Жолдығұлқызы, журналист. Ізгілік Нағиев ,журналист Жандос Құсайынов, журналист Күнсұлтан Отарбай, ответсекретарь Республиканского газета «Sport» Нұрсұлу Аққұлова Мырзабек Жанат Серсен қызай, фотокорроспондент«Алматы ақшамы» Зайра Сәбитова Ибраһим Байтөре Қадырәлі Бақытжан
Дереккөз: serke.org
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір