• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:24:08
Алматы
+12°

28 Тамыз, 2024 NEWS

Алматы облысында инвесторларды қолдау үшін қандай шаралар қабылданған?

Облыс аумағында жалпы ауданы 96,6 мың гектар «Алатау» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді

Фото: Ашық дереккөз

Алматы облысында инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға көп күш жұмсалып жатыр. Осы бастамалар аясында аймақта жалпы ауданы 1370 гектар болатын төрт индустриялық аймақ құрылып, онда экспортқа бағытталған өндірістерді орналастыру жоспарланған.

Облыс аумағында жалпы ауданы 96,6 мың гектар «Алатау» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық жеңілдіктері мен преференциялар беріледі. Қазіргі уақытта Алатау қаласы мен арнайы экономикалық аймақта 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, облыс маңызды көлік торабы: аймақ арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізі өтеді, бұл «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында көлік ағындарының ұлғаюына ықпал етеді. Алматы облысында жүк тасымалдау уақытын айтарлықтай қысқартатын теміржол маршруттарының кең желісі жұмыс істейді. Егер Қытайдан теңіз арқылы тасымалдау 40-45 күнді қажет етсе, жаңа теміржол маршруты арқылы Қытайдан Еуропаға жүк жеткізу небәрі 14 күнді алады. Нәтижесінде аймақтағы логистикалық тасымалдардың 92%-ы теміржол және автомобиль көлігі арқылы жүзеге асырылады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысына 7 айда 420 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылғаны хабарланған еді.

Сонымен қатар Алматы облысы шетелден келетін инвестициялардың тартылыс күшіне айнала алды ма деген сауалға жауап іздеп көрген едік.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алматы облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір