• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 10:35:22
Алматы
+35°

Қазақстанның бокс федерациясы жаттықтырушылар мен вице-президенттің қызметтен кеткені туралы ақпаратты терістеді, деп хабарлады Sportburo.kz сайты.

"Ақпарат теріс. Бокста өзгерістер жоспарланып жатыр. Ол туралы таяуда ресми ресурстарымызда хабарлаймыз" делінген хабарламада.

Бұған дейін федерацияның ресми парақшасында вице-президент Азиз Қожахметов пен құраманың жаттықтырушылар құрамы қызметтен кеткені туралы жазба жарияланып, кейін өшірілген.

Бокстан ұлттық құрама Париж олимпиадасында тек екі медаль ұтып алған. Нұрбек Оралбай күміс, Назым Қызайбай қола медаль иеленген. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов ұлттық құрама нәтижесі туралы "ең сәтсіз олимпиада болды" деп пікір білдірген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір