• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 21:42:47
Алматы
+7°

21 Қараша, 2024 NEWS

Хит болған "Шайн мускат": Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзімнің ағзаға зияны бар-жоғын анықтады

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мемлекеттік инспекция комитеті карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді.

Көрнекі сурет

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің дерегінше,  Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) "Шайн мускат" нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілген.

Зерттеу қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 миллиграмм/келі алынды. Дегенмен бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш көрінеді. Яғни, жүзімнің құрамында адам денсаулығына қауіп төндіретін зинкестер жоқ деген сөз. 

Бұған дейін желіде ел арасында "шайн мускат" жүзімі қызу талқыға түскен еді. Аталған жеміс-жидекке қатысты ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пікір білдірді. Кей ақпарат көздері жүзім құрамында химиялық заттар көп екенін айтып отыр. Ал министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, Қазақстанға жеткізілетін кез келген өнім зертханаға тапсырылуға тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір