• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:10:45
Алматы
+12°

21 Қараша, 2024 NEWS

"Wi-Fi желісін қолданыңыз": Цифрлық даму министрі интернет сапасына көңілі толмайтындарға кеңес берді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ұялы байланыс операторлары байланыс сапасын жақсартпай, тарифтік жоспарларды көтеруді қашан қояды деген сауалға жауап берді.

Ашық дереккөзден

Министрдің айтуынша, үкімет еркін нарықта бағаны реттей алмайды. Бұған кәсіпкерлік кодекспен тыйым салынған. Оның үстіне ұялы байланыс операторлары коммуникацияны жақсартуға қыруар қаржы салуға уәде берді. Сондықтан мемлекет оларға тарифтерді көтеруге тыйым сала алмайды дейді.

"Мұндай тыйым салу мүмкін емес. Әйтпесе олар қалай инвестиция салады? Олар базалық станциялар мен антенналық діңгек құрылымдарына көп инвестиция салады. Beeline-мен олар алдағы бес жылда миллиард доллар инвестициялайды деген келісімге қол қойдық. Мүмкін сіз көп трафикті пайдаланып жатқан шығарсыз? Wi-Fi бар жерде Wi-Fi желісіне қосылуды ұсынамын. Мен де солай істеймін", – деді министр.

Министр қазақстандықтарды жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етуге уәде берді. 

"Талап етіп отырғаныңыз өте дұрыс. Біз де үкімет ретінде талапты күшейтіп жатырмыз. Тіпті, қазір секундына мегабит саны бойынша ең төменгі деңгейді көтеріп жатқанымызды бұған дейін де айттым", – деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір