• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 06:41:55
Алматы
+35°

30 Шілде, 2024 NEWS

Қазақстандық аурухана науқастарға мерзімі өтіп кеткен анестезия қолданған

Мақаншы ауданының денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында прокуратура дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заңбұзушылықтарды анықтады.

Көрнекі сурет

Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақытылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталды.

Сонымен қатар ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен "Кетам" анестезия препараттарын қолданылған.

“Нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, оларға Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 426-бабы “Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу” бойынша 1,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды”, – деп мәлімдеді прокуратура.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: есірткі аурухана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір