09 Шілде, 2024 NEWS
БҚО-да Шалқар көлінің жағасында әйел адамға найзағай түсті
Теректі ауданы Шалқар көлі жағасында найзағай түскен адам мерт болды.
Ашық дереккөзден алынды
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға 7 шілде күні сағат 17.00 шамасында болған. Көл жағасында демалып жатқан 39 жастағы ресейлік әйел кенеттен болған оқыс оқиғадан көз жұмған.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17.13-те Сарыөмір дәрігерлік амбулаториясына Шалқар демалыс орнында 1984 жылғы адамға найзағай түскені жөнінде хабар келген. Оқиға орнына барған фельдшер судағы адамның қайтыс болғанын анықтады.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш деректің жазатайым оқиға ретінде тіркелгенін жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да күшті жел ғимараттар мен көпқабатты үйлердің шатырын ұшырып әкеткенін жазған болатынбыз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір