• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 05:16:58
Алматы
+35°

Алматы ICCA халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығының рейтингіне оралып, ковидке дейінгі көрсеткішті жақсартты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

2023 жылы Алматы (ICCA) халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығының рейтингінде 308-ші орынға ие болды. Салыстыру үшін, 2019 жылы ковидке дейінгі кезеңде Алматы 377-ші орынды иеленген.

Жыл сайын ICCA өткізілген халықаралық конгрестер мен конференциялар саны бойынша қалалардың рейтингін жариялайды. Бұл рейтинг бүкіл әлем бойынша іскерлік іс-шараларды өткізу үшін ең танымал орындар туралы ақпаратты ұсынады.

Жаһандық рейтингтің көшбасшысына дәстүрлі түрде Париж (156 кездесу), Сингапур (152 кездесу), Лиссабон (151 кездесу), Вена (141 кездесу) және Барселона (139 кездесу) кірген. Астана қаласы рейтингте 332-орында тұр. Жалпы бір жыл ішінде елде 13 халықаралық іскерлік іс-шара өткен. Бұл ретте шетелдік туристің орташа чегі 1438 АҚШ долларын құрады.

ICCA-ға мүшелік Алматыда MICE-туризмді (іскерлік туризмді) дамытуда шешуші рөл атқарады. Бұл қалаға туристік ұйымдармен жаңа серіктестік орнатуға, халықаралық іс-шараларды көбірек тартуға және халықаралық аренада беделін арттыруға мүмкіндік береді. ICCA-ға кіру – Алматының іскерлік туризм орталығы ретіндегі ұстанымын нығайту және оның халықаралық іскерлік оқиғалар үшін тартымдылығын арттыру жөніндегі стратегияның бір бөлігі.

ICCA рейтингі өткізілген іс-шаралардың саны мен ауқымына байланысты жыл сайын өзгеріп отырады. ICCA мүшелеріне 88 елден 950 қала кіреді және қауымдастық MICE индустриясындағы ынтымақтастықты және дамуды қолдайтын маңызды деректер мен зерттеулерді ұсынады. Алматыда жылына 20-ға дейін халықаралық іскерлік іс-шара өткізу жоспарланып отыр, бұл MICE-туризмнің әлемдік рейтингінде Қазақстанның позициясын нығайтуға көмектеседі, онда ол 80-ші орында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір