10 Мамыр, 2024 NEWS
Алматыда Жеңіс күні тойланды
Алматыда Ұлы Жеңістің 79 жылдығы тойланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Фото: akimat.almaty
Дәстүр бойынша негізгі мерекелік іс-шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Бір минут үнсіздіктен кейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір