• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 23:13:22
+35°

Белгілі журналист, саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Ол 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын бітірген.

Бастапқыда техника саласында әртүрлі қызметтер атқарып, кейінгі отыз жылда журналистикамен айналысты. Саясаттанушы ретіндегі пікірлерімен де танылып, тәуелсіз сарапшы ретінде БАҚ-қа жиі сұхбат беретін.

Еңбек жолы:

- 1969-1975 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтының инженері, кіші ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі;

- 1975-1976 жылдары - Қазақ ғылыми-зерттеу және мемлекеттік фосфор өнеркәсібін жобалау институтының аға ғылыми қызметкері;

- 1976-1978 жылдары - Қазақ химия-технология институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, оқытушысы;

- 1978-1986 жылдары - Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының сырттай оқу факультетінің аға оқытушысы, доценті, деканы;

- 1986-1991 жылдары - Арқалық педагогикалық институтының химия және биология кафедрасының меңгерушісі;

- 1991 жылы - «Арай-Заря» журналы бас редакторының орынбасары;

- 1991-1993 жылдары - экспорттық-талдау қызметі бас басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасының Баспа және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары;

- 1993-1994 жылдары - «Дәyip-Время» газетінің бас редакторы;

- 1994-1995 жылдары - «Арай-Заря» журналының бас редакторы;

1995-1999 жылдары - «Аргументы и факты Казахстан» газетінің шолушысы, 1999 жылдың қаңтарынан - «Өрлеу» қоғамдық қозғалысының төрағасы;

- 2002-2003 жылдары - «Эпоха» газетінің бас редакторы;

- 2004-2005 жылдары - «Начнем с понедельника» газетінің шолушысы;

- 2006 жылдың қаңтар айынан бастап «Мысль» журналының бас редакторы.

Кейінгі жылдары Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болған.

«Вызов времени», «Миражи и реалии», «Служение нации» кітаптарының авторы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір