• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 15:11:23
Алматы
+12°

13 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Kaspi төлем: Такси жүргізушілерінен айына қанша ақша (салық) ұсталады

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда азаматтардың мобильді аударымдарын кезең-кезеңімен тексеру басталды. Оған кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс белгілері бар операциялар ғана жатады. Заңға сәйкес, мәселен бір жеке тұлғаның шотына қатарынан үш ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардың банк шотынан ақша аударылса, оған салық салынатын болады.

Ашық дереккөзден алынды

Міне, осы өзгеріс қолданысқа енгізілгелі ел азаматтарында көп сұрақтар туындауда. Әсіресе, еліміздің ірі қалаларында көлігімен кісі тасып, нәпақа тауып жүргендер алаңдаулы. Сол себепті Qamshy.kz такси жүргізушілері мен онлайн ақша аударымына қатысты барлық деректі анықтап, ұсынуды жөн көріп отыр.

Алматыда такси жүргізушісімін. Үнемі мобильді төлемді пайдаланамын, клиенттерге солай ыңғайлы. Сонда менен шамамен айына қанша ақша салық ретінде ұсталуы мүмкін?

Мемлекеттік табыс комитеті бұл арада онлайн ақша аударымы және онлайн төлем деген екі түсінік бар екенін еске салады. Заң бойынша, такси жүргізушісі онлайн ақша аударымын қабылдауға құқы жоқ. Клиент онлайн төлем жасауы тиіс. Сондықтан, заң аясында әрекет еткісі келетін такси жүргізушілері, алдымен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі шарт. Ол үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Е-Salyq Business, Egov Mobile, сол секілді екінші деңгейлі банктердің, мысалы Halyq bank, Kaspi bank, BankCenterCredit-тің мобильді қосымшыларына кіріп, тіркелуге болады.

Одан кейін онлайн ақша аударымын қабылдайтын кәсіпкерлік банк шотын ашу қажет болады. Бұл арада бақылау-кассалық аппарат немесе POS-терминал дегеннің қажеті жоқ. Ақша жеке тұлғаға емес, жеке кәсіпкердің шотына банктің QR немесе POS терминалы арқылы түсуі керек.

Ұсақ бизнес оңтайландырылған салық режиміне жатады. Сондықтан бұл арада салық көлемі 1-ден бастап 4 пайызды құрайды. Мысалы, такси жүргізушісі айына 300-400 мың теңге табыс тапты делік. Онда одан 1% салық алынады, яғни 3000 немесе 4000 теңге көлемінде.

Ал егер жеке кәсіпкер ретінде тіркелмесеңіз әрі үш айда шотыңызға қатарынан 100-ден астам ақша аударымы жасалса, онда салық көлемі 10 % болып шыға келеді. Оның үстіне бұл заңбұзушылық екені дәлелденсе, барлық жасырын табыстың 30 пайызын айыппұл ретінде мемлекетке төлеуге тура келеді.

Бұл арада тағы мынандай жағдай бар: үш айда қатарынан бір шотқа түскен ақша аударымы 100-ден асса банк автоматты түрде салық органына хабар береді. Демек, барлық адамның ақша аударымы бақылауға жатпайды. Бұл – біріншіден. Екіншіден, мәселен бірінші айда 100 рет ақша аударымы, екінші айда 95 рет ақша аударымы, үшінші айда 93 рет ақша аударымы жасалса, онда бұл мәлімет салық органына барып түспейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір