05 Қаңтар, 2024 Барлық аймақтар
Билік пен халық келісімі бұзылды
Кері кетудің басы басталды ма?
ашық дереккөзден алынды
Биылғы жыл – билік тарапынан халықтың белгілі бір тыныштығын бұзудан басталды. "Сен тимесең мен тимен" боп отырған шырқымызды биліктің өзі бұзды. Қазақстандағы заң мен тәртіп басқаға емес, табыс декларациясы мен мобильді аударымдарды бақылауға қарап тұрғандай.
2024 жылдан бастап кей кәсіпкерлер, дүкендер, базар мен сауда орындары бас салып тек қолма қол қағаз ақшаға ғана қабылдауға көшті. Бұл басы ғана болуы мүмкін. Былайша айтқанда, ел кері кетіп барады. «Жаңа Қазақстан» мен «цифрлы Қазақстан» жайына қалды.
Үкімет шағын кәсіпкерлерден бөлек, жеке тұлғалардың аударымдарын да тексермек.
"ҚР Салық кодексіне сай, Kaspi.kz салық органының сұратуы бойынша қатарынан 3 айдың ішінде әртүрлі адамдардан айына 100-ден астам аударым алатын жеке тұлғалардың тізімін беруге міндетті. Сондай-ақ 2024 жылы тізімге 2023 жылы ақша аударымдарын қабылдаған мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың жұмыскерлері мен олардың жұбайларын қосады. Тексеру 2024 жылы жүргізіліп, 2026 жылы бұл барлық жеке тұлғаларға қатысты болады", – делінген Kaspi.kz хабарламасында.
Шағын кәсіпкерлерді салықпен қысу біріншіден қымбатшылыққа, екіншіден, халықтың бұрынғыдай каспи аударыммен емін-еркін төлем жасауына кедергі келтіреді. Бұған қатысты қаржы сарапшысы Сәбит Рысбаев мынадай пікір білдіреді:
– Каспи переводты тоқтатайық демес бұрын брінші салық төлеуді реттеу керек. Бұрын ЖШС-тер 30 мың АЕК-тен асса, ҚҚС төлейтін. Енді 20 мың АЕК-тен асқандар төлейтін болды.
Енді ақылдылар дүкенге аударым жасамай, QR-мен төлесе не болады? Бірінші кезекте қуанатын банктер. Олар одан 0.95% алады. Оны банктен шығаратын болса, тағы да 0.95% қосылады. Рахатын банктер көреді. Біздегі Каспи мен Халықтың табысын қарасаң, 300 млрд теңгеден астам. Бұларда пайыз жоғары, мына жақтан да тиын жасайды. Шетелдегідей кредит картасы деген жоқ. Сіз ірі бренд дүкенге барғанда олар "перевод жасашы" демейді. Өйткені олардың шарттары бөлек, 1-2%-ға қарап тұрған жоқ. Оны айтатын қарапайым дүкен иесі, таксистер ғой. Таксистер өзіне де аударта алмайды, 70-80% шоттары арестте. Кредит төлей алмай, жауып тастаған. Әйеліне, болмаса шешелеріне аудартып жатады. Ерігіп жүрген олар да жоқ.
Дәл осы қалт-құлт етіп отырғандарды қыспай-ақ, басқасын қарық қылып алайықшы. Халыққа алдымен жағдай жаса! Көлікті арзандат. Утильсборды құрт. Неге дамыған елдерде утиль алымдары 100 доллар, бізде 3000 долларға дейін кетіп қалады? Меніңше, айналып келіп халықты қыса бермеу керек. Онсыз да битін сығып, қанын ішіп отыр көбі. "Ақылдылар", алдымен бюджеттік түсімдерді қарап алыңдаршы, – дейді экономист.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір