• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Қыркүйек, 06:56:36
Алматы
+35°

25 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Қазақстанда рубльге сұраныс артқан

Еліміздегі ақша айырбастау пунктерінде рубльге сұраныс 14 айлық рекордты жаңартқан.

сурет ашық дереккөздерден алынды

Ұлттық банк «ресейлік валютаның таза сатылымы тамыз айында 12,9 миллиард теңгені құраған. Әрі рубльге сұраныс 2022 жылдың маусымынан бері артқан көрінеді. Өткен айда рубльдің белсенді сатылымы Астанада 4,9 миллард теңгені құрап, сату көлемі бір айға 2 еседен өскен.

Оған дейін шілде айында таза сату көлемі шамамен 6 миллиард теңгені құрап, 16 есеге жуық өскен. Яғни, рубльге сұраныстың тамыздағы орташа ресми бағамы – 4,75 теңге болса, шілде айында 4,94 теңге болады.

Рубльге сұраныстың салдарынан долларға сұраныс бір айда төмендеген. Мәселен, шілде айындағы доллардың таза сатылымы 194,1 миллиард теңге болса, тамыз айында 149,6 миллиард теңге болады. Ал еліміздегі қалалар бойынша ең жоғары көрсеткіштерді Шымкент қаласы 39,3 миллиард теңгемен, Алматы қаласы 31,3 миллард теңгені көрсетеді.

Доллармен бірге еуроға сұраныс та едәуір түскен. Яғни, ресми мәліметтер бойынша, шілде айында 16,2 миллиард теңге болса, тамыз айында 14,8 миллиард теңгеге дейін төмендеген. Ал Алматының өзінде 8,6 миллиард теңге болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: еуро доллар теңге

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір