• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 17:37:20
+12°

Ресейдің Ішкі істер министрлігінің Қорған облысы бойынша Қорған қаласының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыс жасады деп айыпталуда. Анықталғандай, қаскүнем 2018 жылы Астана қаласында бір топ азаматтармен бірлесіп, алдын ала жеткізуші ретінде тендерлерге қатысушы болып, тұлғалардың сеніміне кірген.

Кейін тиісті өнімдерді жеткізуші ретінде келіскен шартты бұзып, аталған өнімдерді заңсыз иемденіп алғаны анықталған. Алаяқтар алдау әрекеттерімен 39 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

Оның сыбайластары бұрын қамауға алынған болатын. Аталған факті бойынша қамауға алу бұлтартпау шарасымен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта Минск конвенциясына сәйкес, бұл азаматты экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір